lat: BERÝ
Бер етістігінің қимыл атауы.
1. Өнім өндіру, шығару. Қазақстанның Отанымызға миллиард пұт астық беруі үшін ойдағыдай күресу - біздің әрқайсымыздың абыройлы міндетіміз еді (Ә.Нұршайықов, Тың астығы).
2. Теледидардан көрсету, радиодан айту. Со бір жылдары жерден жеті қоян тапқандай жас композитордың әндерін радиодан күнде беруші еді (Т.Ахтанов, Дала сыры).