БЕРІ

lat: BERİ

ш ы л. Белгілі бір мерзімнен, мезгілден кейін, соң.

Сонан бері рақымсыз көп жыл өтті.

Орақ келер, орылар мезгіл жетті,

Жылы менен суықтың бәрін көріп,

Қайран көңіл қайыспай қайрат етті (Абай, Тол. жин.).

Әңгімеден кейін Мөңке кідірмеді. Ертеден бері үлкендердің әңгімесіне араласпай, пеш түбінде қос тізесін құшақтап үнсіз ғана отырган қызға барды (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

Содан бері ол кәмелетке жеткен адаммын деп ойлайтын (С.Бегалин, Мектеп.).