БЕРІ

lat: BERİ

ү с т. 1. Әрі сөзіне қарама-қарсы, бермен, жақын, жуық, таяу.

Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері,

Іздеген келіп тұрмын Біржан сері.

Жолықпай сөзі өкімге жүрген шығар,

Аулында Тұрысбектің өлер жері (Ақын жырлары).

-Бері жүріңіз, Мәмбет аға, - деген дауыс естілді.

Төрге қарай адымдай озған Мәмбет үлкен бөлменің ортасында тұрған столды айналып өтіп, екінші бөлменің есігіне беттеді (X. Есенжанов, Тар кезең).

Жеңешесі жер ошаққа ас пісіріп жатыр.

Қойын арғы қыраттан бері қайырып Қоспан ағасы келеді (Т. Ахтанов, Дала сыры).

2. Әрі қарай емес, сөйлеушіге қарай.

Сіз - қырғауыл жез қанат,

Аш бетіңді бері қарат (Абай, Тол. жин.).