lat: BERİKTİK
з а т. 1. Берік болушылық, мықтылық, төзімділік.
Торшолақ беріктіктен қойшыға ат болды ма, қойшыға ат болғандықтан берік болды ма, ол арасы мәлім емес; әйтеуір Торшолақ берік; мың салсаң, аяғын бір баспайтын бір мың төкім (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Ал әр жерінен беріктік үшін қағылған мықты шегелер сүйек бетіндегі өрнектермен үйлесіп жалпы өрнектердің бір элементі сияқтанып тұрады (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері.).
2. ф и з. Материалдардың белгілі бір жағдайлар мен шектерде қандай да бір жүктемелер, әркелкі температуралық, магниттік, электрлік және т.б. өрістер, әркелкі кебу не ісіну және осы сияқты әрекет-әсерлерді қирамай қабылдау қасиеті. Әртүрлі жағдайлар үшін беріктік критерийлері: пропорциялық шегі, аққыштық шегі, беріктік шегі, сырғымалық шегі жөне т.б. (Қаз. тілі термин. Кен.)
3. ө с к. Әскери күштердің ұрысқа қабілеттілігінің көрсеткіші, тыіл мен әскердің шұғыл қалыпқа келе алу қасиеті. Беріктік - әскерлердің (күштердің), қару-жарақ пен әскери техникалық, тыл нысандары мен басқару жүйелерінің ұрысқа қабілеттілігін сақтау немесе шұғыл қалпына келтірілу қасиеті (Қаз. тілі термин. Әскери.).
4. а у ы с. Мызғымастық, тұрақтылық. Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады (Абай, Тол. жин.).
Шығанақ Олжабекке: - Тау бұзылады, берік көңіл бұзылмайды. Беріктігіңе сенсем де, жұмсақтығыңды жоқтаушы ем. О да табылды (Ғ.Мұстафин, Шығанақ).
Сол беріктігіңіз, сол бірбеткейлігіңіз кезінде сарбаздық жолға түсіріп, сахара өміріндегі дүрбелеңді бір жыл ерте бастатып жіберіп еді (Ж.Молдағалиев, Сарыарқа.)
Ақын адал жардың еріне - алғашқы таңдаған махаббатына беріктігін бораннан, дүлей жауыннан жеңілмеген ақ қайың образы арқылы тамаша суреттеген-ді (Ә.Тәжібаев, Өмір.).
5. а у ы с. Сенімділік, батылдық.
Айсұлу үнінің беріктігін көріп, Айназар есін жиғандай ойға келді (С.Сейфуллин, Шығ.).