БЕРІКТІЛІК

lat: BERİKTİLİK

з а т. с ө й л. Беріктік.

Қосындылар әрі жеңілдігі, әрі механикалық беріктілігі арқасында авиацияда, автомобиль өндірісінде және өнеркәсіптің басқа салаларында қолданылады (М.Бакенов, Қазақст. ресурс.). Тарамыстың дұрыс шоғырлы құрылысының физиологиялық зор маңызы бар. Өйткені, ондай құрылыс беріктілік береді (Қ.Нұғматжанов, Гистология.).

Сондықтан студенттердің дүние танымы мен идеялық беріктілігінің қалыптасуы үшін қоғамдық пайдалы еңбектің зор маңызы бар («Қазақст. мект.»).