БЕРИ-БЕРИ [сингал. beriberi]

lat: BERI-BERI [sıngal. beriberi]

з а т. м е д. Тағам құрамында В витаминінің жеткіліксіздігінен болатын ауру.

В витамині жеткіліксіз болса, адам тез шаршайды, тамаққа көңілі соқпайды, күйгелектік пайда болады, асқынса бери-бери деген ауруға айналады (Т.Дарқанбаев, Витаминдер).

Рахит, құрқұлақ, бери-бери аурулары организмге қажетті заттардың жетіспеуінен болатын аурулар деп санайды (Т.Айтбаев, Қан. қасиеті).