БЕРЖЕБАЙ [ор. биржевой]

lat: BERJEBAI [or. bırjevoı]

з а т. к ө н е. 1.     Ат-арбамен (ат-шанамен) жүк тасып, кісі тасып күн көруші адам.

Сүлеймен бержебай да сары ала шолақты босандырып, сынық шанасын шиқылдатып, есік алдына келіп, атын доғарды (І.Жансүгіров, Шығ.).

Сондықтан көшеде кетіп бара жатқан бержебайлардың бірін тоқтатты да, ары қарай арбамен тартты (Қ.Жұмаділов, Тағдыр).

Кепе тақиялы, маңқиған мосқал бержебай арбасындағы кеде кетіп бара жатқан бержебайлардың бірін тоқтатты да, ары қарай арбамен тартты (Қ.Жұмаділов, Тағдыр).

Кепе тақиялы, маңқиған мосқал бержебай арбасындағы кісі екенімен де, есек екенімен де ісі жоқ, «әйтеуір ақша бересің ғой» деген немеше алдындағы ағаштың аласа бұтағынан еңкейіп өтіп, атының арт жағын алыстан шөп етіп, айдай береді (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.).

2. Кісі таситын көлік.

Ол уақыттан ұту үшін бержебай жалдап мінді де, жамбылдың ішіндегі үлкен түрменің алдына келгенде түсіп қалды (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).

Бәлкім, бір кезде «Бержабай» аталған жайдақ арбаға отырып көргендеріңіз де бар шығар (Ә.Нұршайықов, Алтын.).