lat: BERMA [nem. Berme]
з а т. 1. г е о г р. Топырақ үйіндісінің үстінде немесе өте терең қазылған жердің жақтауына жасалатын көлденең алаңша.
Берма топырақтан жасалған бөгеттер мен бөгетшелерден крандар мен көліктер жүріп өтуіне арналады (Қаз. тілі термин. Су.).
2. к е н. Каръердің жұмыстық емес беткейінің күтпеген қиябеттері арасындағы горизонталъ алаңша. Көлікке арналған берма, сақтандырғыш берма және қауіпсіздік берма түрлері болады (Қаз. тілі термин. Кен.).
Берма үйіндінің үстіңгі бөліктерінен кесектердің құлап түспеуін қамтамасыз ету, олардың пайдаланылу жағдайын жақсарту, тасымалдау жабдықтарын орналастыру, жұмыс горизанттарын бір-бірімен қосу және т.б. мақсаттар үшін жасалады (Қаз. тілі термин. Кен.).