БЕСІНШІ

lat: BESİNSHİ

с а н. Бес санының реттік түрі .

Мақпалжан, папам бізді қалаға әкелгеннен кейін Зейнепті орыс мектебінің бесінші класына түсірді (Ө.Қанахин, Мұрагер).

Птолемей математика тарихында ең бірінші болып жоғарыда келтірілген Евклидтің параллель түзулер жайлы бесінші постулатын дәлелдеуге тырысады (А.Көбесов, Математика.).

Бесіншіден, «ру-тайпалар таңба атауларының графикалық тұлғасы негізінде түркі руникалық жазуы пайда болды» деген тұжырымдарға қалай қарауға болады?» деген сұрақ («Парасат»).