lat: BES-ON
с а н. Бес пен онның арасындағы сан мөлшері, болжалды шама.
Арада бес-он минут өткен соң Көшім екеуміз құшақтасып айрылыстық (М.Мағауин, Бір ата.).
Бес-он қойды ауыл айналасында айнала жайып, ел көшінде күн көріп жүре бердік (С.Бегалин, Уақыт.).
Жолаушылар, қоян әбден демін алсын деп тагы да бес-он минут үн-түнсіз тұрды (І.Есенберлин, Қатерлі.).