қазақтың бас тағамының орыс тілінен ауысып қалыптасқан атауы. ХІХ ғ. қазақ арасына орыстарға тілмаш боп келген татар- башқұрттардың қамыр қосып тартқан етті қолмен алып қабылдауын білдіретін «беш бармак» деген атауменбайланысты қалыптасса керек. Соңғы бірнеше ондаған жылдар ішінде басқа халықтардың, әсіресе орыстардың айтуымен қазақша еттің жалпы атауы ретінде қолданысқа еніп кеткен. Шынтуайтында, қазақ даласындағы патшалық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктерінің ет тағамын кемсітіп атауы. Қазақ ешқашан қонағына тартқан етін бұлай атамаған.