БЕСЕДКА

lat: BESEDKA

ор. з а т. с ө й л. Аулада, бақ, саябақ ішінде демалу үшін жасалған, жан-жағы ашық, төбесі жабық шағын орынжай.

Осында бір тықыр таянған соң келдің. Әйтпесе мені сыйлап, сәлем беруге беседкаға келмегенің бесенеден белгілі (Х.Есенжанов, Тар кезең).

Әкімбайдың балалары үшін жасатқан дөңгелек беседка- күркені де көк-жасыл жүзім бұтақтары, ешбір күн түсірмей, тығыз көмкеріп тұр (Ө. Қанахин, Мұрагер).

Зуфар үйіне таяна бере: - Бері жүріңдер, мына гүл күркеге кіріңдер, - деп өзінің шырмауық гүлмен бөленіп тұрған кішкене беседкасына кіргізді (С.Бегалин, Жеткіншек).