БЕШЕНЕ

lat: BESHENE

зат.сөйл. Пешене.

Алғы күн ашсын жастық бешенесін,

Көгертсін көп алғысы көсегесін.

Қос шыбық, балғын жастар болған тату,

Айқасып құлынтайдай өсе берсін (І.Жансүгіров, Шығ.).

Қатар құрбыларына бетін беріп, әркімнің бешенесіне қарай бақытын үлестірген өмір Бейбітке келгенде, ылғи теріс айналып тұрып алады (М.Дүзенов, Әке.).