lat: BET-PİSHİN
зат. 1. Бет-әлпет, түр, келбет.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі, бет-пішінін, сақал-мұртын, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзеп әуре болмақ (Абай, Тол. жин.).
Әрдайым ызғарлы көзі енді күлімдеп, маңдайы да, мұрны да, салпы ерні де - барлық бет-пішіні арсалаңдап қалған ақ көңіл жап-жас мейірімді жігіттің кейпін береді (Б.Момышұлы, Біздің генерал).
Ана мен қыздың киімдерінде, оның жіті көздері әркімнің бет-пішінінен-ақ көңілінде жатқан ойының, арғы астарын аңғарып қалатын (С.Мәуленов, Үркер.).
Бет-пішіні қиылған, нұрлы көзді, сылаңдаған ұялшақтау Құралай үстелдің қасына келді (М.Қаратаев, Далада.).
1. антр. Адамның бет құрылымының алдыңғы жағынан қарағандағы типін білдіретін антропологиялық ұғым.
Бет-пішін бет бөлігіндегі кейбір сүйектердің (бет, үстіңгі және астыңғы жақ) тік және көлденең жазықтықтар бойынша алға қарай шығыңқылық ерекшеліктерін анықтайтын өлшемдер арқылы беріледі (ҚҰЭ).
Ертедегі адамдардың бас сүйектерінің бет-пішінінің өлшемдеріне қарап, олардың толық бет-бейнесін қалпына келтіруге болады (ҚҰЭ).