БЕТЕГЕ

lat: BETEGE

суыққа, қуаңшылыққа төзімді жайылымдық қыр оты. Бетегені әсіресе жылқы малы сүйсініп жейді. Халық арасында жылқы айтқан екен дейді: Бетегелі белге бітем, найза ұстаған ерге бітем. Бұл бетегенің жылқының өсіп-өнуіне, көбеюіне ең жұғымды шөптердің бірі екендігін көрсетеді. Халық танымында бетегеге байланысты мақал- мәтелдер, жыр шумақтары жиі кездеседі. Бетегеден биік, жусаннан аласа болу асып-тасып кетпеуді, ілтипатты, сыпайы болуды, сондай-ақ, айыбын түсініп, жөн істің ығына жығыла білген адамның әрекетін дәріптеу мағынасында да қолданылады.