lat: BETON [franq. beton]
зат. Құйматас.
Көпірге діңгек тіреп, бетон құйып,
Білер ек күнді қалай өткеруді (М.Әлімбаев, Менің Қазақст.).
Бетон көпірден өтпесек, «Сайтан көпір» атты кісіні көтере алмайды (О.Бөкей, Таңд.)
Көмекейге бетон бөгет қойдырып,
Қайран елдің бір демалды ой-қыры.
Қаншама жыл аштау ұстап ақылды,
Қарын жағын жіберіппіз тойдырып! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).