БЕТОН БЛОГЫ

lat: BETON BLOGY

салмағы он шақты килограмнан бірнеше тоннаға дейінгі бетоннан жасалған бұйым. Ауыр, жеңілдетілген және жеңіл бетондардан жасалады. Қолданыс аясына қарай іргетастық, цокольдік және қабырғалық болып бөлінеді. Салмағын жеңілдету және жылуөткізгіштігін арттыру мақсатында қуысты немесе тесікті етіп жасалады. Қуыстары көбіне блоктың ұзына бойымен не көлденеңінен орналасқан саңылаулар түрінде болып келеді.