lat: BETTİK
сын. Бет көлеміндегі, нақты беттен тұратын.
Мүмкін анасын қатты сағынған баланың он беттік хат жазса да, бар айтары осы бір ғана сағындым ғой деген қуанышты күрсініс күші болар (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).
1963 жылдың басында көлемі 589 беттік «Қазақстан Коммунистік партиясының тарихынан очерк» басылды (С.Мұқанов, Есею жыл.).