lat: BEZ
з а т. 1. а н а т. Адамның, жануардың ағзасында болатын, оның зат алмасуын р еттейтін мүше.
Тері қабаттарында тер шығарғыш және май өндіргіш екі түрлі без болады (Е.Оразақов, Дәрігерлік.).
Сексенде көңіліңді кеудең қылмай,
Жүрерсің өкпелесіп екі безбен ( Базар жырау, Шығ.).
Бір түрлі тақ ас қорыту бездерінің сөл бөлуін азайтады (С.Жұмабаев, Ұзақ өмір.).
2. с а я т. Бүркіт табанындағы, тұяқ көбесінің астындағы емшек сияқты ірілі-ұсақты түйін, түйнек. Әсіресе саусақтың тұяқ көбесінің астындағы емшектері ірі келеді.
Осы емшектердің құсбелгілер «без» деп атайды (Қырандар).
3. а у ы с. Ағаштың шор жері, беріші.
Қайыңның қатты безі едім,
Өлеңнің аққан көзі едім (Базар жырау, Шығ.).
Қабаққа біткен қайыңның
Беріші еді, безі еді.
Өтіндей-ақ аюдың
Әкемнен қалған көз еді (І.Жансүгіров, Шығ.).
Қолындағы қайыңның безінен жонып жасаған имек сапты ожау тым сөнді (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).
4. а у ы с. Іске пайдасыз, қажетсіз, жарамсыз нәрсе.
Бекбикелер ел денесіндегі бұралқы без ғой.
Бәрін қоссаң халықтың бір процентіне толмайды, - деді (Ғ.Сланов, Домбыра.).