lat: BEZ
е т. 1. Қашу, зыту.
Қара құс: Қорқытқаның осы ма?
Дегенім ғой «шошыма».
Жүрмесін жетпей досына,
Оғыңды сақтап, сонан б е з! (М.Дулатов, Шығ.).
Бұлғақтап асау кердей жүргенменен,
Алдыңда құрулы түр бір қайың, тез.
Қызыл гүл иранбағы көшер бір күн,
Жаманнан, шамаң келсе, бір күнде б е з! (Ә.Найманбаев, Шығ.).
- Қайда б е з і п барасың?
- Собраниеге, правлениенің отчеты...
-Отчетің де құрысын, сен де құры! Кет! - деді Күлжан Шойынқұлаққа (І.Жансүгіров, Шығ.).
2. Зымырау, жүйтку. Аттар бұрқыратып б е з і п келеді (Б.Тұрсынбаев, Ауылдан.).
Өзің бейне халқың қашан жасқанды,
Талай жауды табанына басқанды.
Қуатты қол күшіңді өрге көтеріп,
Нұрлы өзеннен безеді кең аспанды (Ә.Сәрсенбаев, Миллиард.).
3. Күдер үзу, түңілу, қол үзу.
Ағайынның азары болса да,безері болмайды (Мақал-мәтел).
Мен Зейнепті алсам, әкем менен безе ме?
Зейнепті мен оқыта алмаймын ба, хат танытпаймын ба, көзін ашпаймын ба? (М.Дулатов, Шығ.).
Көргенім анық алайда,
Тезекке бола толқыннан,
Ат-тонымды ап безбедім.
Бұл безуден саулығым (М.Жұмабаев, Шығ.).
4. Ат-тонын ала қашу, жоламау, бас тарту ,мойындамау.
Сыздық мынау қайғы қуып шөл безген,
Кім біледі, көмер оны құм кезген.
Бүйткенше ол, неге жүріп кетпейді
Кене, Науан салып кеткен қанды ізбен? (М.Жұмабаев, Шығ.).
Қыз қол қоймай безіп шықты (Т.Нұртазин,Мұрат).
Есітіп Афрасияп осы сөзді,
Қарата Көрсүйізге тігіп көзді,
Үстіне олай болса барайық, - деп, Уәдеден өткендегі енді безді (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).