lat: BI
қазақ халқының тарихында әлеуметтік категория ретінде шыққан демократиялық биліктің иесі. Халықтың әдет- ғұрпын, салт-дәстүрін білумен, сөз таласында шешендігімен, даулы істі қарауда тапқырлығымен көзге түскен адамдар ғана Б. болған. Мұндай адамдар көбінесе билеуші таптар мен ауқатты отбасылардың арасынан шыққан. Б-лердің әдет-заң нормаларын талқылауда, билік шығаруда, биліктің орындалу әдістерін белгілеуде кең құқықтары болды. Өкілдіктің осындай өктем болуы нәтижесінде зорлыққа, зомбылыққа тыйым салып отырды. Б-лер сот қызметін атқарумен қатар (қазылық) жеке ауыл, тайпа, руларды басқарды. Қол астындағы қауымның көші-қонын реттеп, жасақтарға қолбасшылық етті, түрлі алымдар жинады. Хан мен сұлтандар ықпалы күшті Б-лермен санасуға тиісті болды. Б-лер соты қылмыстық, азаматтық, кұн, барымта, әмеңгерлік, көп әйел алу, қалыңмал сияқты істерді қарады. «Б и дегендер, Абай айтқандай, «аттың сауырына, түйенін өркешіне» жантаятын, бір орында тұрмайтын жануар. Олардың және бір сыры бар. Қай болыста болса да, кем қойса екі жуанның бәскесі болады. Еңдеше әр болыста екі жақ, екі тарап билері жүреді. Солардың енді қайсысы қай тұраққа тартып кетерін білу тағы оңай емес. Және осының бәрінің астарында билер үшін тартысып жатқан, өлердей жанталасқан сыпсың сөз өзгеше көп. Барлық болыстардың билері мен олар жатқан үйлердің маңында, іргесінде әрбір өткен түн сайын қараңғыны жамылып, қалың сөз тартыстар жүреді. Бұл тұста «ат майы», «түйенің өркеші емес», кем қойғанда түйе аталса, түгімен жұтылатын. Ат ауызға алынса, басы бүтін кететін. Ақша, пұл «күйек асты» көп жол тауып жүріп жатқан. Бұның бәрінің атын, дәлірек айтқанда, «арын-сырын саудалап», нелер таразыға, тайталасқа жанталасқан халді білдіреді» («Қастықта»).