lat: BIDAI
>>зат.> ><лат.> >triticum> > 1. >Астық тұқымдас өсімдіктер туысына жататыт шөптесін өсімдіктер туысы>.
>>>Бидай> менен тарыдан
>>Септік талай молдекті,
>>Молдек сеппей қайтеміз,
>>Кедейшілік дендетті (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).
>>Тоқпақпен, >бидай> піссе, соғам, - дейді,
>>Соғуға бұл тоқпағым, қоғам, - дейді.
>>Түрленіп түлкі сонда күлімсіреп:
>>«Соққанды көрсетсейші бұған! - дейді (О.Шораяқов, Шайыр).
>>Егісте тары, >бидай>, арпа, сұлы, күріш, қызылша, темекі өседі (С.Бегалин, Ана қайраты).
>>2. >Өнім беретін дақылдардың тұқымы, дәні.>
>> Жұмақтан шығып дүнияға
>>Атамыз келген әуелден
>>Рұқсатсыз Алладан
>>Жалғыз >бидай> жеген соң.
>>Сұңқардың жайын халық білмес
>>Мен пәлен, мен дегенмен (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
>>Кейде шешем қалтама бір уыс, жарым уыс қуырған >бидай> салып береді (Б.Соқпақбаев, Балалық.).
>> - Қайқы бел қара айғырға жыл он екі ай бөктіріп >бидай> беріп, шылқытып көкпар шапқаннан басқа ермегі жоқ (А.Сүлейменов, Бесін).
>