lat: BIDON
[франц.] зат. Металл не пластмассадан жасалған, цилиндр пішінді, қақпағы бар, сұйықтық сақтауға арналған тұтқалы ыдыс.
- Кеше бір бидон сүтті көтеріп келгенде, мықты екенсің, - деп өзің айттың ғой («Лен. жас»).
Розаның үстінде қолпылдаған кең ескі куртка, басына ақ орамал тартқан, қолында сырлы кішкене бидон (Т.Ахтанов, Махаббат.).
Тасып жатыр тәтті сүт, ырыс, құт,
Тізен бидон кілегей (3.Қалауова, Таңд.).