БИЕ

lat: BIE

Жылқы малының құлындайтын аналығы. Айғырдан ерте шыққан тай-байтал дұрыс өсе алмайды, кейде тіпті өсу мүлде тоқталады, өйткені қоректік заттардың көпшілігі құрсақтағы құлынның өсуіне кетеді. Бие белгілі кезеңде ғана айғырды жақындатады. Көбінесе күйіті 6-7 тәулікке созылады. Кей биенің күйіті 24-36 сағатта аяқталады, бұл әр жылқының ерекшелігіне байланысты. Бие орта есеппен 335 күнде (11 ай) құлындайды.