БИХЕВИОРИЗМ

lat: BIHEVIORIZM

тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен қызметі туралы көзқарастар жүйесі. Сыртқы қоршаған орта мен адам мінез-құлқының байланысынан бихевиоризм теориясы туындайды. Сөз иммутция сол әсерге қайтарылған жауап (реакция) ретінде қарастырылады. Ал сананың қызметі жоққа шығарылады. Бихевиоризм теориясы АҚШ пен Батыс Европада дүниеге келген. Бихевиоризм әдістемелік негіздерінің позивитизм, прогматизм және операционализммен байланысы бар. Тіл білімінде бихевиоризм ықпалында болған Л.Блумфельд бихевиористік теория жасаған. Бұл теория бойынша тіл адамды қоршаған орта әсеріне бейімделудің бір түрі ретінде қарастырылды. Блумфельд арқылы бихевиоризм идеялары дисериптивті лингвистикада орын алған. Бихевиоризм Американдық тіл біліміне үлкен әсерін тигізді. Бұл идеялар психолингвистика арқылы енді. ХХ ғ. 80-жж. бихевиоризм ықпалы тіл білімінде біршама азаяды. Бірақ оның кейбір теориялық және методологиялық ұғымдары американдық лингвистикада даму үстінде.