lat: BILEÝ
Биле етістігінің қимыл атауы, биді орындау.
Хан оларға ылғи тәтті тамақ пісіруші еді һәм оларға тілеген уақытта ойнауға, билеуге рұқсат беріп қойып еді (М.Жұмабаев, Шығ.).
Қанжармен билеу - кекті оқиғаның салдары деседі чечендер (Ж.Молдағалиев, Айналайын.).
Ұршықтай үйіріліп, лыпып билеуден гөрі көбік қардың үстінде тұрған аюдай қорбаңы көп болса да, Бауыржан өзін шақырған әйелдерден бас тартпайды (Ә.Нұршайықов, Ақиқат.).