БИЛЕУ

lat: BILEÝ

Биле етістігінің қимыл атауы: 1. Билік жүргізу, басқару.

Қазақ Россияға қараған соң, жоғарыда көрсетілгенше хүкімет қазақты билеу һәм соты турасындағы істерін түзетуге тырмысты, өйткенде де бірте-бірте сақтау мен түзетуге қазақтарға жаңа жолдың пайдалы екендігін көрсетіп, ыспатпен илан дырып түзетуге тырысты (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам).

Әуелі Кәф Нұндан ғалам етті,

Жаратып топырақтан адам етті,

Дүнияның түзігі үшін шаһ жаратып,

Билеуге пәрмен болды мемлекетті (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Бір-екі тасы болған надандардың

Түкке тұрмас қыртылын тыңдап, мүлгіп.

Бұлай болса хакімдік билеу болмас,

Азат басты беру ғой қолдан құл ғып (XX ғ. қаз. ақын.).

Декабр сиезінде автономия ресми жариялағанша уақытша қазақ-қырғыз істерін билеуге Алаш орда сайландыҚазақ»).

2. Бағындыру, билеп- төстеу.

Патша хүкіметінің әсерінен хан елден бөлектене бастады. Бұрынғы ата жолды тастап, елді Жәңгірдің «өзі» билеуге ойланды. Қасына күзетші қылып орыстан әскер алды (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.).

Ол әділдікті дәулетті адамдардың өзі құсаған оқыған балалары орнатады, ендігі жерде патша бүкім империясы жеке билеуін қойып, бұқараға конституциялық жолмен еркіндік беруі керек деп ойлаған (Б.Аманшин, Көкжар).

3. ауыс. Ие болу, меңгеру.

Мұны ұқпайды біреудің миы бірақ,

Жыр жазады жоқ-барды жиі құрап.

Жарты әлемді билеуден гөрі кейде

Жеке басты билеуің қиынырақ! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Ынсап пенен ынтаның

Емі - өзіңді сәл билеу

Сенің де бір іңкәрің -

Өз балаңды әлдилеу (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

4.ауыс. Ырқына көндіру, дегенін істету.

Билеуің - алдау, алдауың - қиянат, қиянатың - зорлық. Міне, осы ғой жүз жылдан бергі дала салты (Х.Есенжанов, Тар кезең).