lat: BILET
ет. 1. Белгілі бір ұйымның мүшесі екендігін білдіретін құжат .
Қасақана ма, жоқ па білмеймін, өзіңіз төреші болыңыз, дер кезінде уақтылы жарна төлемей, СОКП қатарынан өзімнен-өзім шығып қалдым. Билетті Совет аудандық партия комитеті тартып алды. Биік болса болғаны болашағым, Мен аласамын. Өмір сахнасына алған заңды билетім бар. Заңды орныма таласамын! (1,154).
2. Көлікке отыру құны төленгендікті білдіретін тілдей қағаз .
Оның отырғаны да сол еді, кондуктор әйел билетін құшақтап қасына барды (4,112).