lat: BILET
ет. 1. Биді орындату.
Ол күні құлан атып келіп, кешке уәзірлерімен әңгімелесіп, кәнизәк-қыздарын билетіп, сауық салып, ертең және аңға шығып, бір ұрғашы арыстанды өлтіріп, екі баласын тірі ұстап алып келді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Бір тойым болатыны сөзсіз менің
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ...бірақ...
Ешкімді де билетпей қайтармаймын (Т.Айбергенов, Құмда. мұнара.).
2. Бұралаңдату, ырғалту, теңселту, тербелу.
Жылға суын билетсе,
Жайма-шуақ әр күндер
Орман, тоғай желдетсе,
Әнге басар әлгілер (І.Жансүгіров, Шығ.).
Ырысжан қысқа аяқтың қадамын қыбырлай көбейтіп, қоңылтақ кебістің табанынан шаң суырып сыза жөнелгенде, Әйкен әлдебір ауыр міндеттен құтылғандай талдырмаш денесін билетіп, сыртқы дарбазаға қарай жүгірді (С.Сматаев, Алғашқы асу).