lat: BILET
ет.1. Басқарту, билік еткізу.
Дене менен жан - анау, көңіл - мынау,
Қайсысына билеттің байғұсым-ау?
Ең түбінде - өзің кім, сенікі кім,
Досың қайсы, өзіңе қайсысы жау? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Ақыл - қанат, ғылым - дос, иман - серік,
Жын-пері адамзатқа қылдың еркін .
Билеттің арзан қылып дүние-мүлкін.
Ұшқан құс, жүгірген аң жел мен судың
Жараттың бір жүзікте қылып кілтін! (М.Көпейұлы, Шығ.).
Бір бөлек кош алдында қалың әскер,
Ясукей ортаға алған батыр ханын.
Татардан қолға түскен Темір ерге
Билеткен әскерінің түгел бәрін (Ә.Найманбаев, Шығ.).
2. Бағындырту, билетіп-төстету.
Шыңғыс хан Жошы атты үлкен ұлын
Билетті хандық құрып қазақ елін
Жошыұлы Бату байтақ Сахараға тігіпті
Алтын орда хандық туын (Тарихи жырлар).
Ол Дешті Қыпшақ жерін бәйбішелерінен туған бір-екі ұлына билетіп, өзі Мауереннахрдың әшекейлі алтын сарайлы бір шаһарына Ордасын аудармақ (І.Есенберлин, Алмас.).
Ей, Алла, разымын салғаныңа,
Жеткізбей армандамын алғаныңа.
Билетіп Шам, Бағдат, жетпіс әлем,
Көндірдім талай елді пәрманыма (Ә.Найманбаев, Шығ.).
3. ауыс. Ырқына көндіру, дегенін істету .
Ақтығымды біледі сол көкірек, Сол законге билеткен біздің жүрек. Алла берген қауіпті осы сырым Көрге бірге өзіммен барса керек (Абай, Тол. жин.).
Ол адам домбыраны үйретеді,
Бір айдай үйренгенше күн өтеді.
Өлең мен шиғырға жетік болып,
Дауысын бармағына билетеді (Қисса-и тахир-Зуһра // Ғашық-наме).
Асыл жүрек бермейді, шайтанға ерік
Нәпсіге өз бойыңды билетпесең,
Ақылың мол, сабырың болып берік (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Неге ертерек билетті екен бойын суық сезімге,
Мен есімді балалықтан жаңа жиған кезімде?! (М.Шаханов, Ғасырлар.).
4.ауыс. Меңгерту, ие ету.
Бірақ Садық секілді белсенділер астығымызды өзімізге билетпеді, бай-құлақтар арбалап тасып, қобы-қолатқа жасырып жатты, бір тілім нанға зарыққан заман туды (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).