БИНАРЛЫ

lat: BINARLY

сын. Бинарлық.

Бинарлы химиялық қару - біршама зиянсыз екі химикаттың қосылуы арқылы мейлінше улы химиялық зат жасалатын қару (Қаз. тілі термин. Әскери.). Барлық пайдаланылатын файлдар, арнайы программалар арқылы дайындалған графика, дыбыстар мен файлдар (мәліметтер базасы немесе электрондық кесте) желі арқылы жеткізілуге тиісті болса, онда олар бинарлы болып табылады (Қаз. тілі термин. Информатика.).