lat: BIOSENOZ
[грек. bios - тіршілік, koinos - жалпы] зат.биол. Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделгген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроағзалар жиынтығы.
Биоценоз терминін неміс гидробиологы К.Мебиус ұсынған (ҚҰЭ).
Биоценоз барлық организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиялық өнімділігі және олардың құрылымы арқылы сипатталады (ҚҰЭ).
Биоценоз - биосфераның біртекті телімінде, өзара және ортаның абиоталық факторларымен белгілі бір қатынаста болуымен сипатталатын, бірлесіп тіршілік ететін өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің жиынтығы (Қаз. тілі термин. Су.).