БИОТАЛЫҚ

lat: BIOTALYQ

сын. Биотаға қатысты, биотаға тән .

Биоталық қарым-қатынас - биоценоздағы организмдердің бір-бірімен әртүрлі ара қатыстары (Қаз. тілі термин. Экология).

Биоталық қауымдастық - кеңістіктің қайсыбір табиғи көлемінің шенінде бірге тіршілік ететін автотрофтық және гетеротрофтық организмдердің (кейде олардың біреуінің ғана) жүйесі (Қаз. тілі термин. Экология).