БИРЖАЛЫҚ БРОКЕР

lat: BIRJALYQ BROKER

сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын, акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттiң тапсырмасы бойынша соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға.