lat: BISKVIT
[франц. biscuit.] зат.тамақ. Қант пен жұмыртқа қосып иленген ұннан дайындалатын кондитерлік тағам.
Жұмыртқаның тұтастай, не тек ақ уызы, не сары уызы ғана пайдалануына, пайдаланған ұн (бидай, сұлы, күріш, жүгері ұны) болуына қарай бисквиттердің көптеген түрлері болады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).
Бисквиттің ерекшелігі - жұмыртқа салмағы (не көлемі) жағынан ұннан анағұрлым көп қосылады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).