БИТУМ

lat: BITÝM

[лат. bitumen] зат.хим. Көбіне күкірт, оттек т.б. элементтермен араласқан көмірсутектің жалпы аты .

Металл құбырларды труба таттанудан сақтау үшін көбінесе битуммен қаптайды.Нұрахметов, Дархан химия).

Осындай мақсатта, сондай-ақ алуан түрлі байланыстырғыш заттар: сульфитті-спиртті барда битум, мұнай, жақпа мазут және олардың эмульсиялары да пайдаланылады (Т.Қалыбеков, Экология.).

Рубероид - жабындық әрі изоляйиялық рулон материал. Ол оңай жасалатын мұнай битумы сіңірілген әрі бір не екі жақ бетіне баяу балқитын мұнай битумы жағылған жабындық картоннан дайындалады (ҚСЭ).