lat: BITİMDEI
сын.сөйл. Кішкентай, титтей .
Адамның денесі өзің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе? (Абай, тол. жин.).
Сәруар кетерінде тағы кіріп, сырқат баланың өкпесін тыңдап, тамыр соғысы мен жүрек қағысын байқап, битімдей болса да, көңілі сергіп қуанып қалды (С.Ғаббасов, Ана.).
// Бала кез.
Сәмсая өзі айтады басқа тегін:
«Хан да емес, ханзада емес менің тегім,
Жасымнан әкем өліп жетім болған,
Шер болған битімдейден көкірегім (Ә.Найманбаев, Шығ.).