lat: BITANYS
сын.сөйл. Бейтаныс.
Битаныс ұрпақтар мен от қанатты, уытты жырларының арқасында жүзі жарқын болып, күле амандасты (С.Мәуленов, Үркер.).
Аудандық жер бөлімінің уақытша бастығы, көкке тойған көбендей, біресе үркіп, біресе осқыра қарады битаныс бухгалтерге (Ж.Тілеков, Хинған асуы.). Сосын ол лоджияда құрулы телескопқа үңіледі, кең аспанның оңтүстік жартысы бұның бәсіресі, таныс жұлдыздары бар, битанысы және бар - аспанды шарлап кетеді, содан түн ортасында төсекке басын бір-ақ қояды. Бұл семьяда сөйлесу, сырласу салтқа айналмаған (Ә.Тарази, Бұлтқа сал.).