lat: BIYL
үст. Осы жыл, үстіміздегі жыл.
Биыл берген қарызын
Жарын күтіп алмаса,
Пақырға көзін салмаса.
Мұны айтпаған харам бай
Сезім жалған болғаны-ай,
Өлгенде отқа жанбаса (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Түрік патшалығына төрт патшалық жабылған соғыс 1912-ші жыл 25-нші сентябрьде Қаратау патшалығы бастап, 17-ші майда биыл Лондонда бітім болып қойылған еді (Ә.Бөкейханов, Шығ.).
Өткен қыс аңшылықта кездесіп қалып Есенейге екі түлкі, үш бірдей қара қылшық күзен байлап еді, сонысын арқаланып кимелеп сөйлейді. Биыл, міне, жер қарадан қасына еріп Есенейдің қасқыр алатын арабы иттерін баптап жүр (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан).
Қазақ театрының іргетасын қалаушылардың бірі, биыл туғанына 110 жыл толған Қ.Қуанышбаевтың Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында қазақ сахнасындағы қырық жылға жуық қызмет еткендегі ойнаған кейіпкерлерінің текстері, өзінің жазған еңбектерінің қолжазбалары, өмірбаяндық құжаттары, туған-туысқандары мен әріптестерінің, замандастарының хаттары, фотосуреттері және мерейтоймен, мерекелермен құттықтаған құттықтаулары бар («Қаз. әдеб.»).