БИЗНЕС

lat: BIZNES

[ағыл. business] зат.экон. Пайда табуға арналған әрекеттің, экономикалық қызметтің түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі .

Бизнес - кәсіпорындардың немесе ұйымдардың, жеке тұлғалардың өңделмеген (шикі) түрде өнім шығару, тауарлар өндіру немесе сатып алу және сату немесе табыс табу (пайда алу немесе басқадай олжа табу) мақсатымен басқа тауарларға немесе ақшаға айырбас ретінде қызмет көрсету жөніндегі харекеті (Қаз. тілі термин. Экономика.).

Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын істен кіріс кіргізуғе, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді (ҚҰЭ).

Соңғы жылдары дамыған елдерде шаруашылық қызметіне әлеуметтік баға беру бизнестің әлеуметтік құндылықтарға, өз мүддесімен, ең алдымен, экономика, адам еңбегі табиғи қорлар саласында үйлестіруге деген қатынасын айқындап берді (Орыс.-қаз. экон. сөздігі).

Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономи- калық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық жөне басқа да алымдар төлеу жөне оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нөтижесінде қалыптасады (ҚҰЭ).