коммерциялық ұйымдардың заңдарда анықталатын немесе реттеуші органдардың талаптарынан тыс қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге ерікті түрде назар аударуы. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұйымдардың әлеуметтік қажеттілік, азаматтық борыш, қоғамдық міндеттер, нормалар мен құндылықтары талаптарына сапалы түрде қарауын қарастырады. Тәжірибеде ол қамқорлық көрсету немесе меценанттық түрінде көрінеді. Мысалы, мұнай компаниялары экологиялық ҮЕҰ қызметін қаржыландырады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «тұрақты даму» ұғымына сәйкес келеді және азаматтық қоғам қалыптастыруға септігін тигізеді.