lat: BLINDAJ
[франц.blindir] зат.өск. Оқтан, бомбадан, снарядтан қорғану үшін жасалған жабық үлгідегі әскери құрылыс, бекініс .
Қатарынан жарыстыра салынған блиндаждың бір жағына жұп сандардан, екінші жағынан тақ сандардан номерлер қойылған (Ж. Жұмаханов, Солдат.). Окоп, блиндаждар қазылып, төбесін жабуға екі кісі ағаш кесіп жатты (Қ.Әбдіқадыров, Мақташы.).
Старшина қалыңдау майланған су жаңа мылтықты батальон командирінің блиндажына әкеп қойды (С.Сейітов, Майдан).
Үлкен блиндаждың екі жағындағы жер сәкіде үш-үштен айқыш-ұйқыш алты солдат ұйықтап жатыр (Ә.Сәрсенбаев, Офицер.).