БЛОГОСФЕРА

lat: BLOGOSFERA

«неосфера» және соған ұқсас сөздерден жасалған термин, ол бірлестік немесе әлеуметтік желі сияқты барлық блогтардың жиынтығын белгілейді. Әлемде ондаған миллион блогтар бар (2006 жылғы мәлімет бойынша), әдетте олар өзара тығыз байланыста болады, блогерлер бірін-бірі оқиды және түсініктемелер береді, бір-біріне сілтеме жасайды, сөйтіп өзіндік субмәдениет жасайды. Блогосфера әдеттегі веб-парақшалар мен интернет-форумдардан ерекшеленетін айырмасы бар. Бір-бірімен байланыстағы блогтар белсенді түрдегі бүкіләлемдік ақпарататтық кеңістік құруы мүмкін. Б. қоғамдық пікір мен мәдени мемдерді зерттеудің маңызды ортасы болып табылады. Ол көбінесе осы заманғы жаһандық әлеуметтік тенденцияларды зерттеудегі академиялық және академиялық емес еңбектерде жиі есепке алынады. Ағылшын тіліндегі «blogosphere» сөзін алғашқыда әзіл ретінде Брэд Грэхэм ойлап тапқан. Одан кейін бұл терминді 2002 жылдың басында У.Квик қайта ойластырып, қолдануға енгізді. Алғашқыда бұл термин Ауғанстандағы америкалық операциялардан мәлімет беретін әскери блогтар бірлестігі дегенді білдірді. Одан кейін жылдам әрекет ететін, біршама тәуелсіз және күрделі бақыланатын жаңа ақпараттық кеңістік ретінде ұғынылатын болды.