lat: BLOK
зат.1.сәулет. Үйдің іргетасы мен қабырғасын қалауға арналып, дұрыс геометриялық пішінге келтірілген жасанды тас.
Ясауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік: қазандықты қоршаған блок залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу (контрфорс) іспетті. Қазандық қабырғаларының дәл төбесінен ұштары төмен төнген қатпар-қатпар сталактиттер биіктігі 39 метрлік ақ күмбезге... асқақтық, көрік беріп тұр (Т.Бәсенов, А.Ясауи мавзолейі).
Архитектуралық құрылыс шынылары сом блок, үй қабырғасына жапсырма плита, декоративті панно, оюланған өрнекті шыны ретінде қолданылады (Н.Нұрахметов, Синтетика.).
2. кен. Шахта алаңының белгілі бір шегіндегі қазу жұмыстары жүргізілетін бөлік.
Блоктағы жарылатын кен массасының көлемі шамамен тиегіш жабдықтың орташа айлық өнімділігіне сәйкес келуі керек (Қаз. тілі термин. Кен.).
Блок - кенорнын ашық әдіспен қазу кезінде қазып алуға жарылыспен бір мезгілде даярланатын (жарылыстық блок) немесе бір экскаватордың жұмысына ғана арналған (экскаваторлық блок) кертпештің бөлігі (Қаз. тілі термин. Кен.).