lat: BLOK
[франц.bloc] зат.1.қоғ. Саяси- әлеуметтік топтардың өзара келісімі, одағы .
Атлантика блогының штаб-пәтерінде кейбір блоктың қарулы күштерін қайта орналастыру мен оны күшейтудің жоспарлары жасалуда («Соц. Қаз.»).
Сол кезеңде ТМД-ның геосаяси кеңістігінің нақты жіктелу, бір-біріне қарама-қарсы тұратын бірнеше аймақтық блоктардың пайда болу қаупі туды («Егемен Қазақсан»).
2.қоғ.-саяси. Топталған жиын, ұйым.
Партия әр кездегі сияқты сайлауға көптеген ұйымдарымен біртұтас мызғымас блок болып келгелі отыр («Лен. жас»).