БЛОК-СХЕМА

lat: BLOK-SQEMA

[лат.flowchart] зат.инф. 1. Операциялар, мәліметтер, ағындар немесе техникалық құралдар секілді элементтерді белгілейтін арнайы символдар көмегімен талдау жасау немесе шешімін табу үшін мәселелерді графика түрінде ұсыну.

Блок-схеманың элементтері қарапайым схемадан бастап, негізгі қызметтік блоктарға дейінгі өте алуан түрлі құрылғылар бола алады (Қаз. тілі термин. Информатика.).

2. Бағдарлама немесе процестің шартты графикалық кескіні.

Блок-схема шартты түрде геометриялық фигуралармен беріледі және тиісті жазбалармен жабдықталады (Қаз. тілі термин. Информатика.).

3. Электрондық жүйенің (мыс., есептеуіш жүйенің) элементтерінің арасытдағы байланыс графика түрінде ұсынылатын схема.

Блок-схема көмегімен компьютердің сипаттамасын кез келген деңгейде - схемалық құрауыштан бастап, есептеуіш машинаға дейін тұтасымен беруге болады (Қаз. тілі термин. Информатика.).