БОЙЖЕТКЕН

lat: BOIJETKEN

зат. Кәмелетке толған, есейген қыз.

Бәйбішелер былқылдап,

Ақ пейіл шалдар аңқылдап,

Ақ көңілдер жарқылдап;

Бойжеткенің бұралып,

Таналары жалтылдап (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Ол жайында керегі не сөз қылып,

Болмақ емес менде онан өзге үміт.

Сол бойжеткен махаббатын сыйласа,

Ойланбастан үйленер ем көз жұмып (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Арманыма,

Қиялыма сай елім.

Қадірлеген мақал - сөздің мәйегін.

Тағы, тағы...

Үйленуге болады,

Бойжеткен боп қайта оралса әйелің! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Көріңді маған алыс боп

Қасымда тұрған бойжеткен (Т.Айбергенов, Мен саған.).