lat: BOILYQ
зат.1.геогр. Жер бетіндегі кез келген нүктенің орнын анықтайтын географиялық координаталардың бірі.
Карта жасауда бойлық пен ендік негізгі тірек (А.Қалығұлов, Жарық.).
Джон Дэвис басқарған ағылшын кемесі Пасха аралының төңірегінен аралдар ашқан: 27 градус оңтүстік ендік пен 105 градус солтүстік бойлықта жатқан оның координаттары кеме журналына жазылады (Шарапат).
...көп томдық «Географияда» жер бетіндеғі 8000 пункттің ендігі мен бойлығы көрсетіледі (А.Көбесов, Математика.).
2.мат. Кез келген нүктенің деңгейлік беттегі орнын анықтайтын шамалар жүйесіндегі ендікке қарама-қарсысы.
Тағы бір еңбегінде Николь Орем математиканы натурфилософияға қолдану төңірегіндегі схоластикалық ой-пікірлерді жинақтап, дамыта келіп, тік бұрышты координаттардың алғашқы формаларының бірі жазық тік төртбұрыш үшін бойлық және ендік ұғымдарын енгізеді (А.Көбесов, Математика.).