БОЙЫНША

lat: BOIYNSHA

шыл. Бір нәрсеге сәйкес, лайық.

Абаймен бірге Қарамолада болған Мүсірәлінің куәлігі бойынша бұл жолы Абай тізген ереже бабы жүзден аса еді (М.Әуезов, Әр жыл.).

Бұл ұйғару бойынша шабуылды мойнақтың аузында тұрған жүзінші бригада бастамақ (Б.Момышұлы, Ол күндер.).

Бәрі бітті.

Құлайды арман дауыл жыққан қайыңша,

Ел күлмей ме ессіз үрей ықпалына бой ұрса?!

Өзін-өзі өлтіруге тиісті еді Транзей

Сол кездегі өміршінің қатал заңы бойынша (М.Шаханов, Ғасырлар.).