БОКАЛ

lat: BOKAL

[франц. bocal] зат. Шарап құйып ішуге арналған табаны бар шыны ыдыс.

Тозаң басып түр бүгінде бокалдар,

Бөтелке жоқ бокалдарға қоқаңдар.

Әрбір үйдің уақытында шамы өшіп,

Уақытында алынады сақалдар (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Бозамық арақты қойды да, бокалды көтеруге сылтаулар тауып, жөремелдете әлденешеуін қотара салды (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).